Елімізде энергетикалық сусындар сатылмауы мүмкін

«Қазақстандық мамандардың пікірінше, энергетикалық сусындар психотропты, тәуелділік тудырып, орталық жүйке жүйесінің нашарлауына әкеледі. Мұндай сусындарды ішпеу туралы ұсыныстар көзге көрінбейтін, өте кішкентай әріптермен жазылған. Ал пайдасы бар қоспалар туралы үлкен әріптермен көрсетілген. Осыдан кейін мұндай сусындар пайдалы деген ой туындайды», — дейді Қаныбеков премьер-министр атына жолдаған сауалында.

Депутаттың сөзінше, құқық қорғау органдарының мәліметтері энергетикалық сусын ішетін жасөспірімдер ашушаң келеді, үш есе жиі темекі шегеді, есірткі заттарын қабылдайды, осының саладыранан құқық бұзуға да барады.  Мәжілісменнің айтуынша, шетелдік ғалымдардың зерттеулері де энергетикалық сусын құрамындағы заттар абыржу, ұйқысыздық, тітіркену, ашушаңдық сезімдерін тудырып, жүректі жиі соқтырады және өзге де зиянды жақтары барын көрсетіп отыр.

«Елімізде энергетикалық сусындардың жасөспірімдерге сатылуын шектеу қажет, ол үшін әкімшілік жауапкершілік немесе сатуға мүлде тыйым салу қажет деп есептейміз», — делінген сауалда.

Айта кетейік, мемлекеттік санитарлық бас дәрігердің 2013 жылдың 19 тамызындағы № 12 жарлығы бойынша, мұндай сусындарды мектептер, ЖОО, денсаулық сақтау ұйымдары, жастар мен жасөпірімдердің қатысуымен өткізілетін мәдени іс-шараларда сатуға тыйым салынған болатын.

Дереккөзtengrinews.kz