8 қаңтар: қар жауады

Республиканың тек шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман, бұрқасын байқалады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 23-28 м/с-ге күшейіп, кей жерлерінде түнде тұман түседі.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарында бұрқасын, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді, екпіні 23 м/с болады.

Қостанай облысында таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі.

Атырау облысында көктайғақ, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысында, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда, Қарағанды облыстарында да тұман болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да