Ақтөбеде үш қабатты қабырға блоктарын шығаратын зауыт ашылды

«Ақтөбе» индустриялық аймағында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Кәспорын көлемі — 3 гектар.

Облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың айтуынша, жұмсалған қаржы көлемі 1 миллиард теңгеге жуық.

«Зауыт құрылысы бір жылға жуық уақыт салынды. Жұмсалған қаржы көлемі 1 миллиард теңгеге жуық. Өндірілген тауар тек Ақтөбе ғана емес, барлық батыс өңіріне жіберіледі. Аймақта шығарылған өнімдер құрылысқа аса қажетті. Келер жылы құрылыс нысандарына пайдаланатынымызға сенімдімін»,- деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

«Жедел плюс» ЖШС-і қыста жылуды сыртқа шығармай, жазда қалыпты температураны сақтап тұрады. Нысандарды тез тұрғызуға, монолитті құрылыс кезінде саңылауларды бітеуге мүмкіндік береді. Яғни, сыртқы қабырғалық блоктардан кейін түрлі материалдармен құрылыс ағаштарын салып, ішкі қабырғаларды қымтаудың қажеті болмайды.

«Кірпіш және құрылысқа қажетті қосалқы материалдар шығарады. Негізінен «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» ауданында тұрғызылып жатқан тұрғын үйлерге пайдалану мақсатында бастадық. Сол бағдарлама арқылы зауыт салынды. Аз және көп қабатты тұрғын үйлер салуға таптырмас материал»,-деді кірпіш шығаратын зауыт директоры Бақытжан Шоқанов.

Жоба құны — 935 миллион теңге3 қабатты қабырға блоктарынан өзге тағы 3 түрлі кірпіш, қырлы және жиек тастар өндіріледі. Зауыттың жылына 2,5 миллион қабырға блоктарын шығаруға мүмкіндігі бар. Ал, тәулігіне 7000 дана қырлы тас, кірпіштердің 3000 данасын өндіре алады. Алғашқы қабырға блоктары Атырау облысына жіберілген. Қазір Ақтөбедегі құрылыс нысандарына пайдаланылып жатқан материалдардың 80 пайызы жергілікті өнімдер.

Айта кетейік,Ақтөбеде бүгінге дейін 3 жоба жұмысын бастады. Кәсіпкерлерге өндіріс үшін жер тегін беріледі.