Алматы қаласының үздік арулары мен сұлтандары анықталды

Әрқайсысы «Қазақтың қызы» «Алаштың ұлы» деген абзал атқа әбден лайық, өнер менен білімде кім-кімге де дес бермейтін, нағыз сен тұр мен атайын. Олардың арасында үнімен тамсандырып, биімен есте қалып, дарынымен дараланған талантты өнерпаздар мен білімде ешкімнен қалыс қалмайтын біліктілер бар.

Қатысушылар «Таныстыру», «Өнер», «Сұрақ-жауап» деп аталатын үш кезең бойынша бақ сынады. Дарынды сайыскерлер өз өнерлері мен қайталанбас тұлғаларын көрсету мақсатында өздерін сан қырдан аша түскен. Байқау қорытындысы бойынша С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті Раxмет Ермек пен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті Жетпісбаева Маржан үздік деп танылса, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универсиетінің студенттері Смадияр Бағдад пен Қаратаева Аружан көрерменнің көзайымы атанып, жүлделі I- орынды жеңіп алды.  II орын иегерлерi:Түймеxан Біржан — Алматы Теxнологиялық Университетінің студенті және Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясының намысын қорғаған Ульченко Анна. III орынға Университетіміздің атынан шыққан Орынғали Ғазиз бен  — Абылай xан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің студенті Атауова Айбарша  қол жеткізді. Өзге де қатысушылар арнайы аталымдар мен сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетелік, аталмыш мега-жобаның ұйымдастырылуына атсалысып, университетіміздің мәдени дамуына зор үлесін қосып жүрген жастар жанашыры, Заң факультетінің «Азаматтық құқық және азаматтық іс-жүргізу, еңбек құқығы»  кафедрасының аға оқытушысы Гүлнұр Худайбердина болатын. Сайыс барысында «Жеңістен үмітті қатысушылар» туралы сұрап, Гүлнұр ханымды сөзге тартқан едік: «Әрине, мұндай үлкен деңгейлі жобаларда біздің студенттер бірінші рет қатысып отырған жоқ.Олардың сөзсіз үздік екеніне мен күмәнданбаймын. Жалпы барша қатысушыларға сәттілік серік болсын» -деп қысқа ғана қайырды.