Қазақстанда 24 судья орнынан босатылуы мүмкін

Жоғарғы Сот Төрағасының Алматы қалалық сотының және Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары лауазымдарына тағайындау туралы және республиканың 24 судьясын лауазымынан босату туралы ұсынымдары қаралды. Жоғарғы Сот Төрағасының зейнеткерлік жасқа толған 1 судьяның қызметінде болу мерзімін ұзартуына келісім берілді.

Бұдан басқа, Сот жюриінің шешіміне берілген 2 шағым қаралып, оның нәтижесі бойынша Сот жюриінің шешімдері негізді деп танылды. Сондай-ақ Сот жюриінің, Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссияның және Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының 2017 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат тыңдалды.

Дереккөзtengrinews.kz