Алматы қалалық сот төрағасы жалақысының көлемін айтты

«Бір кездері барлық жерде судьялардың жалақы сомасының жоғары екендігі жазылды, жақында мен осы сұрақты Жоғарғы сот кеңесінің төрағасына, Жоғарғы соттың судьясына қойдым. Жиналыста мен былай дедім: Депутаттардың жалақысын көтереді екен, бізге де сондай жақсы жаңалық бар ма екен?» Ол күлді. Бізге соңғы рет жалпы барлық мемқызметкерлерге алты жыл бұрын жалақымызды өсірген. Мен қалалық соттың төрағасы ретінде, судья ретінде, сот жүйесінде 30 жыл жұмыс істеген адам ретінде, қолыма 373 мың теңге алатынымды жариялаймын. Мұның барлығы еңбек өтіліне байланысты. Аудандық судьялар 220 мың теңге алады», – деді Ақжан Ештай.

Бас судьяның айтуынша, тағылымгер судья жалақысының 70%-ын алады, ал қалалық сотта істейтін хатшы – 80 мың теңге, аудандық – 70 мың теңге көлемінде алады.

Ақжан Ештайдың пікірінше, судьялардың жалақысы орташа. Дегенмен, дамыған елдермен салыстырғанда, біздің елде бұл көлем тым аз деп бағалайды ол. Бірақ көршілес елдермен салыстырғанда шамалас болып келеді екен.

ДереккөзTengrinews.kz