Қазақстандық бизнес – Елбасы жолдаулары мен нұсқаулары аясында

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап мемлекеттік саясат алдымен бизнес ортасын заңнамалық деңгейде қалып-тастыру мәселесіне баса назар аударып келеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі құ-қықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары мен кепілдігін анық-тайтын, еркіндігін қамтамасыз ететін алғашқы заңы, тәуелсіз Қазақстанның пайда болуына дейін қабылданғанын атап көрсеткен дұрыс. Бұл 1990 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының «Қазақ ССР шаруашылық әрекетінің еркіндігі және кәсіпкерліктің дамуы туралы» заңы болатын.

Тұңғыш рет кәсіпкерлік туралы осы заңда «Қазақ ССР-нде кәсіпкерлік – қолданыстағы заң шеңберіндегі бастамашыл, шаруашылық және өзінің жекеменшік, несиеге алған және басқа да мүлік пен қаржы есебінен кәсіпкерлік әрекетке қатысушылардың өзара тиімді нәтижеге жетуі мен табыс табуы» делінген. Кәсіпкерлік әрекеттің субъектілері де анықталған болатын

(2-бап): «Қазақ ССР кәсіпкерлік қызметінің субъектілері мен өзге де одақтас республиканың заңды тұлғалары, сондай-ақ, орнатылған заң тәртібінде құқықтық қабілеті шектелмеген азаматтығы жоқ тұлғалар; шетелдік заңды тұлғалар; Қазақ ССР-нің немесе Қазақ ССР-і мойындаған, келген елінің заңнамалық тәртібінде құқықтық қабілеті шектелмеген шетел азаматтары».

Заңда кәсіпкерлік әрекет еркіндігі заңмен ғана шектелуі мүмкін, ал кәсіпкерлер өз бастамасы бойынша шешім қабылдап, өз меншігіндегі мүлікті қолданыстағы Қазақ ССР заңының негізінде пайдаланатын кез келген әре-кетті іске асыра алатындығы және мүліктік немесе басқаша жауапкершілікті қамтамасыз ететіндігі көрсетілген. Жаңа страта қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясат негіздерін осы заң қалайды. Атап айтқанда, 20 бапта былай делінген: «Қазақ ССР-і кәсіпкерлердің таңдаған ұйымдық формалары мен меншік формаларына қарамастан тең құқықтылығына кепілдік береді. Кәсіпкерлер қаржылық, еңбек, табиғат, зияткерлік, ақпараттық ресурстарға қол жеткізу (бәсекелестік және ақылы жағдайда), баға белгілеу, несиелеу, қаржы салу, сыртқы экономикалық және басқа да әрекет барысында тең құқықтарға ие болады. Кәсіпкерлік әрекет өндірушілерден, делдалдық жабдықтаушы ұйымдардан, сондай-ақ, басқа да көздер есебінен еркін сатып алу арқылы материалдық – техникалық ресурстармен қамтамасыз етіледі. Мемлекет орталықтандырып бөлетін ресурстармен қамтамасыз ету Қазақ ССР Министрлер кабинеті арнайы шешімдермен өзге жағдайларды қарас-тырмаған болса, тек кәсіпкер қабылдап алған мемлекеттік тапсырыс арқылы жүзеге асырылады. Қазақ ССР-нің заңнамасында қарастырылған жағдайлардан тыс мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының кәсіпкерлік әрекетке қол сұғуына тыйым салынады» деген кәсіпкерлікке қатысты кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу туралы заң ережесі мемлекеттік саясатты қалыптастыру көзқарасы тұрғысынан маңызды болып табылады.

Сонымен, Қазақстан Республикасында бизнес ортасын қалыптас-тыруға арналған құқықтық актілерге жасалған талдау республиканың орнықты даму бағытына өте салиқалы назар аударылып келгенін көрсетеді.