Ақмолалық қос палуан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Кеңес одағының Батыры Сабыр Рахимовтың құрметіне арналған дəстүрлі халықаралық турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан жəне Ресейден келген 400 жуық палуан қатысты.

Оның ішінде ақмолалықтар 84 келі салмақта белдескен Нұрсұлтан Азов пен əйелдер арасында 59 келі салмақта күрескен Ирина Кузнецова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Нұрсұлтан жоғары спорт шеберлігі мектебінде тəрбиеленсе, Ирина Степногор қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатында жаттығады.

Жүлдегерлерді Əділ Тəженов, Самат Серікпаев жəне Ерік Жапаров жаттықтырады.