Ақмола облысында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында пайдалануға берілген білім ордасының ашылуы салтанатына аудан әкімі Малғаждар Таткеев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Мектеп 120 оқушыға арналған.  Құрылыс жұмыстарын 423,9 миллион теңге қаржыға мердігер «ТАИР» ЖШС жүргізген.

Мектеп кабинеттері заманауи технологиямен жабдықталып, барлық дерлік кабинеттерге интерактивті тақталар орнатылған. 2 лингофонды кабинет жұмыс істейді. Еңбек кабинеттері қыз балалардың қолөнерін дамытуға, іс тігуге баулитын жаңа тігін машиналарымен жабдықталған. Бұған қоса, үкен спорт залы бар.
Жалпы, нысанның аумағы 3440 шаршы метрді құрайды.  Ғимарат автономды жылу беру жүйесіне қосылған.  Əлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін тамақтандыру қарастырылған.