Мамандар Еуропа, Америка және Азия мемлекеттерінде өмір сүріп жатқан 800 мың адам туралы ақпаратты зерттеді. Нәтижесінде отбасылы адамдардың деменция ауруына аз шалдығатыны анықталды. Сүрбойдақтардың бұл ауруға шалдығу қаупі 42%-ға, ал жесірлердікі 20%-ға жоғары.
Сарапшылар мұны отбасылық өмірдегі адамдардың белсенді өмір сүретіндігімен байланыстырды. Бұдан өзге отбасылы жандардың салауатты өмір салтын қалыптастырып, зиянды әдеттерінен арылуға тырысатыны анықталған.
Мамандардың айтуынша, ерлі-зайыптылар қиындыққа тап болғанда бір-біріне қолдау көрсетіп, қорған болады. Ал бұл өз кезегінде жүйке жүйесі мен миға айтарлықтай әсер етеді. Деменция дегеніміз – ақыл-парасат кемістігі. Ол жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады.