Биыл елімізде 2,5 млн адамға тегін дәрі-дәрмек беріледі

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, тегін дәрі-дәрмектер дәрігердің рецептімен ғана таратылады.

«Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету — бұл тегін медициналық көмектің  кепілдік берілген көлемі аясында диспансерлік есепте тұрған пациенттер үшін тегін дәрілермен қамтамасыз ету. Тегін дәрі-дәрмектер тек қана дәрігерлердің рецептімен таратылады. Бұл рецептердің барлығы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Қазіргі күнде 49 ауру бойынша 400-ден астам түрлі дәрілер  2,5 млн пациентке  тегін беріледі», —  деді ол.

Айта кетейік, тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілермен қамтамасыз ету жүйесі елімізде 2005 жылы іске қосылған.

ДереккөзInform.kz