Америкалықтар Марста қала салады

АҚШ-тың Массачусетс технологиялық университетінің инженерлері мен архитекторлары болашақта Марсты елдендіруге бағытталған тұрғын үйлердің алдын ала макетін жасап, «Mars City Design» байқауында жеңіске жетті.

Байқауды АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма мен Еуропа ғарыш агенттігі ұйымдастырып, демеушілік еткен.

Марстағы қала планета үстінде туннельдер арқылы өзара біріккен күмбез пішінінде жасалған. Күмбез адамдарды радиациядан, температураның жиі өзгеруінен және кішкене метеориттердің құлауынан сақтайды. Әр күмбез 50 адамға есептелген.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылы Қытай Марсқа ғарыш кемесін жіберуді жоспарлап отыр. Ал 2030 жылы Марстан Жерге «топырақ» үлгілерін алып келмек.

ДереккөзBaq.kz