Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қай елден арзан ипотека алуға болады?

©realty.ria.ru

Сарапшылардың мәліметіне қарағанда, ең тиімдісі Жапониядан ипотека алу. Онда ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі 1,2 пайыз ғана.  Ал рейтингтің екінші орнында 1,42 пайыздық мөлшерлемемен Швейцария тұр.

Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, Швейцарияда ипотеканы өмір бойы төлеуге болады. Рейтингтің үштігін Финляндия қорытындылап тұр. Онда ипотекалық мөлшерлеме 1,5 пайыздан асады.

Алайда мұнда пәтер бағасы өте қымбат екен — бүгінде бір шаршы метрі шамамен 2 мың еуро. Ал тізімнің кейінгі орындарында ипотеканы 1,87 — 2,1 пайыздық мөлшерлеме аралығында ұсынған Швеция, Словения, Германия, Чехия, Литва, Тайвань және Аустрия елдері бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *