Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мысырды 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
АҚШ-тың Атланта қаласындағы Atlanta Stadium аренасында өткен матчта Мысыр сенсация жасауға жақын болды. Африка өкілі Яссер Ибрагим мен Мостафа Зиконың голдарынан кейін 2:0 есебімен алға шықты.
Аргентина ұзақ уақыт бойы қарсылас қақпасына жол таба алмады. Тіпті бірінші таймда Лионель Мессидің пенальтиін мысырлық қақпашы Мостафа Шобейр қайтарды. Алайда ойын соңында әлем чемпиондары мінез көрсетті.
79-минутта Кристиан Ромеро баспен гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. 83-минутта Месси есепті теңестірді. Бұл оның осы турнирдегі сегізінші голы болды.
Кездесудің негізгі уақытына қосылған минуттарда Энцо Фернандес жеңіс голын соғып, Аргентинаны ширек финалға алып шықты. Енді Аргентина Швейцария – Колумбия матчының жеңімпазымен кездеседі.
