Кәсіпқой боксшы Мұса Тұрсынғалиев жетінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті

Тұрсынғалиев Канкуна қаласында өтіп жатқан бокс жарысында 22 күн ішінде жеті кездесу өткізді. Мексикалық боксшы А.Хесусты бірінші раундтың екінші минутында нокаутқа түсіріп, жеңді.

23 жастағы екібастұздық спортшы кәсіби рингке 10 қарашада қадам басты. Жекпе-жектің барлығы жергілікті боксшылармен өтті.

Бірақ BoxRec есебіне Тұрсынғалиевтің тек бір кездесуі ғана енді. Бұған дейін оның менеджері Генри Ривалта осы жағдайға қатысты пікірін білдірген болатын.

«Бұл оқиғалар соңғы он күнде ішінде жылдам өтіп кетіпті. BoxRec барлық жекпе-жек туралы қорытындыны дүйсенбі күні жариялайды. Яғни олар бесінші күннен оныншы күнге дейінгі кездесулерді әлі есептеген жоқ. BoxRec журналистері тек 60 пайызға ғана нақты бола алады. Сондықтан Мұсада 3-0 деген статистика әзірге жоқ», — деп түсіндірті Ривалта.

Дереккөзbaq.kz