Иван Дычко бір аптада екі жекпе-жек өткізеді

8 желтоқсанда қазақстандық боксшы Иван Дычко (2-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші кездесуін өткізеді. АҚШ-та өтетін жекпе-жекте Иван Дычконың қарсыласы — 41 жастағы америкалық боксшы Терранс Марбра (8-5, 6 КО).

Марбра кәсіпқой бокстағы мансабын 2003 жылы бастаған. Бір жыл ішінде ол бес кездесуде қатарынан жеңіске жеткен.

Ал 27 жастағы Иван Дычко  екі рет Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған. Ол кәсіпқой бокста екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Айта кетейік, 1 желтоқсан күні Иван Дычко 32 жастағы америкалық Ламарко Эллиспен (2-4, 1 КО) кездеседі.

ДереккөзVesti.kz