Қазақстанға заңсыз әкелінген көліктер мемлекеттік тіркеуден шығарылады

Техникалық реттеу және метрология Комитеті Қытай Халықтық Республикасы (ҚХР) шығарған жүк көліктерінің қауіпсіздігі туралы куәліктерін тексеру бойынша жұмыстар жүргізген.

Тексеріс нәтижесінде 290 автокөлікке заңсыз берілген куәліктердің күші жойылған. Куәліктерді берген «Автоцентр-Нурсан» ЖШС сынақ орталығының аккредиттеу аттестаты кері қайтарылып алынған.

Қытайда шығарылған Евро-3, Евро-2 экологиялық класты жүк автокөліктеріне «Автоцентр-Нурсан» ЖШС сынақ орталығы Евро-4 экологиялық класты дәлелдейтін куәліктер бергені тексеріс кезінде анықталған.

Осыған байланысты, Қазақстанға заңсыз әкелінген, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін барлық көлік құралдары жол полициясы органдарындағы мемлекеттік тіркеуден шығарылатын болады.