Бүгін Жол қозғалысы ережесіне өзгерістер енеді

Елбасы 3 шілде күні«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын.

Заңмен Салық кодексіне мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейту бөлігінде түзетулер енгізілді, және оларды бергені үшін:

  • цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлеріне -5 700 пайыз;
  • цифрлық белгіленуімен байланысты емес әріптік белгіленуі бірдей (АА), ВВВ (ВВ), ССС (СС), ZZZ (ZZ) таңбаларға- 5 700 пайыз;
  • әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлерге -28 500 пайыз;
  • әріптік белгіленуі бірдей, 100, 111, 200, …, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірін бергенi үшiн — 19 700 пайыз;
  • әріптік белгіленуі бірдей, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлеріне — 11 400 пайыз мемлекеттік баждың жоғарылатылған мөлшерлері көзделеді.

Бұған қоса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне мынадай өзгертулер енгізілді:

  • 1) көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін мүгедектерді көлiк құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізілді (ӘҚБтК 46-бабының төртінші бөлігі);
  • 2) ӘҚБтК 596-бабының үшінші бөлігін әр түрлі түсіндіруде болдырмау мақсатында, аталған норма қарсы жолаққа шығу тыйым салынған жерлерде қарсы жүру жолағына шыға отырып, бұрылу немесе кері бұрылу үшін көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту бөлігінде нақтыланды (ӘҚБтК 596-бабының үшінші бөлігі);
  • 3) жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен бастап 3 АЕК-ке дейін қысқартылды (ӘҚБтК 601-бабының бірінші бөлігі);
  • 4) масаң күйін куәландырудан өтуден бас тартқан үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін көбейтілді(ӘҚБтК 613-бабының төртінші бөлігі);
  • 5) ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушыға көлік құралынан шығап кеткені үшін жауапкершілік алынып тасталынды (ӘҚБтК 613-бабының он екінші бөлігі).

«Жол жүрісі туралы» Заңда түнгі уақытта (сағат 23-тен таңғы 06 сағатқа дейін) қалааралық, ауданаралық қатынастарда автобустармен тұрақты емес тасымалдаулар арқылы жолаушыларды тасымалдауға тыйым салу алынып тасталды.

Әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда жүргізуші куәлігін айырбастау кезінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыру жөніндегі міндеттілік  жойылады.

«D» (автобустар) санатындағы көлік құралын басқару үшін әскери қызметшілердің жасы 19-дан 18 жасқа төмендетілді.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекетін тіркеу үшін көлік құралын тоқтатқан жағдайда жүргізушілерге фото және бейнежазба жүргізу құқығы берілді.

Көлік құралын тоқтатқаннан кейін полицияның дереу жақындап келуі, өзін таныстыруы, жүргізушінің талап ету бойынша қызметтік куәлігін көрсетуі, тоқтату себебін түсіндіру, радардың (қолданылған жағдайда) деректерін көрсету міндеті белгіленді.

Көлік құралын тоқтатқан полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындау бойынша жүргізушінің міндеті белгіленді.

Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына жол жүрісі саласында нұсқамалар шығару бойынша құзырет берілді, бұрын осындай өкілеттілік жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторға ғана берілген болатын.

Көлік құралына аэрография салу бойынша тыйым салу алынып тасталды.

«Tm» санатындағы (трамвай) көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін үміткерлер жасы төмендетілді (25 жастан 21 жасқа дейін) және басқа көлік құралын басқару тәжірибесі бар болу қажеттігі туралы талап алынып тасталды.

Жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедпен жүруге тыйым салынды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына кәсіпкерлік қызмет немесе өзге де еңбек қызметін жүзеге асырған кезде халықаралық немесе шетелдік жүргізуші куәлігінің негізінде көлік құралын басқаруға рұқсат берілді.

Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. Ал мемлекеттік баждың жоғарылатылған мөлшерін көздейтін тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейтуге қатысты Салық кодексіне түзетулер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

ДереккөзInform.kz