Басты бетҚоғамҚоғамдық кеңесте...

Қоғамдық кеңесте жиі көтерілетін 5 мәселе анықталды

«Қоғамдық кеңестер айналысатын ең өзекті мәселелерді талдауда үлкен қалалар мен аймақтарда айырмашылық бар.  Қандай мәселелер жиі қаралады десеңіз, ең біріншіден қоғамдық көлік мәселесін жатқызуға болады. Екіншіден, пәтер иелері кооперативіне қатысты мәселелер өте өзекті. Үшіншіден, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды жатқызуға болады. Су тарту, су құбырларының мәселесі дегендей… Төртіншіден, тарифтерге қатысты сұрақтар жиі көтеріледі. Бесіншіден, азық-түлік бағалары», — дейді Әлия Ғалымова.

Еске сала кетсек, бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұйымдастыруымен Қоғамдық кеңестердің І республикалық мәжілісі өткен болатын. Басқосуға 500-ден астам делегат қатысты. Оның ішінде Парламент депутаттары, республикалық және өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары, орталық мемлекеттік органдардың, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және т.б. мемлекеттердің халықаралық ұйымдарының өкілдері болды.

ДереккөзInform.kz