11 қараша: Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болатыны болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сонымен қатар бұрқасын соғып болады, желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, түнде және таңертең көктайғақ болады.

Қызылорда облысының біраз аудандарында жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.