1986 жылы Мәскеу қаласында И.М. Губкин атындағы мұнай және газ институтын бітірген Аркадий Волождың әкесі Юрий Абрамович – Волож Каспий маңы мұнай және Қашаған кен орнын ашқандардың бірі. Ал анасы Софья Львовна Волож Атырау қаласында музыкалық училищеде сабақ берген.
Аркадий Волож 1989 жылы «Comptek» компаниясының негізін салған. Кейін 2000 жылы Борковскиймен қосылып «Аркадий» фирмасын ашқан. Ол 1997 жылы сыйымдылығы 1 Гб қатқыл дисктері бар 3 сервер сатып алады. Нәтижесінде, қазір әлеме танымал «Яндекс» сайты құрылған. .
Айта кетейік, «Forbes» журналының 2017 жылғы рейтингі бойынша Аркадий Волож Ресейдің 200 ауқатты бизнесмендерінің арасында 85-орында тұр. Ал оның жеке капиталы — $1100 миллион.