«Қайраттың» капитаны ең нәтижелі футболшы атанды

Оның еншісінде 27 ойыннан кейін 11 гол, оның ішінде 5 пенальти бар. Ол сұрмергендер арасында төртінші орынға жайғасты.

Бауыржан Исламханнан кейінгі үздік нәтижені «Тобылдың» шабуылшысы Алексей Щеткин көрсетті. Оның еншісінде 10 гол бар.

Үшінші орынға «Ордабасының» шабуылшысы Таңат Нөсербаев орналасқан. Ол биылғы маусымда жеті рет қанжығасын майлады.

19 жастағы «Тараздың» шабуылшысы Бақтиер Зайнутжиноватың еншісінде де жеті гол бар. Жас шабуылшысы төртінші орынға тұрақтады.

Бесінші орынға «Астана» жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков бесінші орынға жайғасты. Жартылай қорғаушының еншісінде алты гол бар.

Айта кетейік, Исламхан, Щеткин және Зайнутдинов ел біріншілігінде 27 ойын өткізсе, Нөсербаев 22, Мужиков 29, Муртазаев 32 кездесуге қатысты.

Ел біріншілігің ең үздік сұрмергені «Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу атанды. Шабуылшы 32 ойында 24 гол соқты.

Екінші орында 31 ойында 19 гол соққан «Астананың» шабуылшысы Жуниор Кабананга орналасса, үшінші орында 30 ойында 13 гол соққан Патрик Твумаси жайғасты.

ДереккөзVesti.kz