Бауыржан Исламхан ұлттық құраманың үш ойынына қатыса алмайды

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы Данияға қарсы ойында Исламхан қызыл қағаз көрсетілді. Сөйтіп, Қазақстан құрамасының капитаны қарсыласын шынтақпен ұрғаны үшін бірден ойыннан шығарылған.

Осы оқиғаға байланысты УЕФА Бауыржан Исламханның үш ойынға қатысуына тыйым салды.

Айта кетейік, Бауыржан Исламхан ұлттық құраманың Черногория, Польша және Румынияға қарсы ойындарына қатыса алмайды.