«Ордабасы» футбол клубы жарты миллиардқа сатылды

Екі жыл бұрын футбол клубының жекеменшікке өтетіні туралы айтылған болатын. Бұрын «Ордабасы» клубын жергілікті бюджет қаржыландырған. Ал жаңа қожайынның аты-жөні әзірге белгісіз. Футбол клубын иелену үшін үш кандидат бәсекеге түскен.

«Ордабасының» сатылатыны туралы ақпарат мемлекеттік мүлік реестрінің сайтында жарияланған еді. Футбол клубы үшін бастапқы баға 248 млн теңге болып белгіленген. Команданы алғысы келетіндер қатарында «БИИК «Спорт сервис», «Намыс» спорт орталығы» және тағы бір жеке тұлға болды.

«Тендер өтті. «Ордабасы» сатылды. Кім сатып алғаны туралы ақпаратты жариялау үшін басшылықтың келісімі керек. Себебі, біз әзірге келісімшартқа қол қойған жоқпыз»,- дейді ОҚО Қаржы басқармасының бас маманы.

ДереккөзTvk-uko.kz