АҚШ лаңкестік жасаған Өзбекстан азаматын өлім жазасына кесуі мүмкін

АҚШ-та лаңкестік шабуыл жасаған Өзбекстан азаматы өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Теракт АҚШ
©Censor.net.ua

Нью-Йорктің федералды прокуратурасы Өзбекстан азаматы Сайфулло Саиповке 8 адамды өлтірді және лаңкестік ұйымдарға материалдық көмек көрсетті деген айып тақты.

Күдіктінің өзі де «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы» ұстанған ағымды қолдайтынын жасырмаған. Енді 29 жастағы Өзбекстан азаматы өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе өлім жазасына кесіледі. Бұл туралы Нью-Йорк прокурорының бірі Джуна Кима мәлімдеді.

Әзірге тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы террорлық шабуылға байланысты ел президенті Дональд Трамп грин-карт виза түрін ұсынатын лотореяға тыйым салуға шақырды. Өйткені шабуыл жасаған лаңкес АҚШ-қа жеті жыл бұрын дәл осы грин-карт арқылы келген.

Естеріңізге сала кетейәк, сейсенбі күні Сайфулло Саипов жалға алған көлікпен Манхэттен көшесінде жүргіншілерді жағалай қағып, артынша мектеп автобусына барып соғылған. Іле-шала қолына пейнтбол қаруы мен пневматикалық мылтық алып шығып, жүргіншілерге шабуыл жасаған. Шабуылдан 8 адам қаза тауып, 11 адам жараланған. Оқиға орнына жеткен полицейлер қаскөйге қарсы оқ атып, қолға түсірді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!