Америкалықтардың 58 пайызы Дональд Трамптың саясатын қолдамайды

Сауалнамаға қатысқандардың 42 пайызы Дональд Трампқа импичмент жариялауды қолдайды. Бұл АҚШ президентінің жұмысын мақұлдау рейтингі рекордтық деңгейге дейін төмендегенін көрсетеді.

Америкалықтардың басым бөлігі оны халықаралық қатынастар мәселесіне қатысты көзқарасын сынаған. Оның экономика және терроризммен күрес саласындағы саясатын респонденттердің жартысы ғана қолдайды.

Өткен аптада калифорниялық миллиардер Том Стайер Трампқа импичмент жариялау науқанын бастаған болатын. Ол интернетте парақша ашып, америкалықтарды АҚШ президентіне импичмент жариялау үшін қол қоюға шақырды.

«Трамп біздің Конституциямызға, еркіндігіміз бен өмірімізге қауіп төндіріп отыр. Импичмент рәсімін бастайтын уақыт келді. Бізге қосылыңыз», — деп үндеу тастады Стайер.

ДереккөзRt.com