Бекман Сойлыбаев WBC титулын қорғап қалды

Сөйтіп, қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Бүкіләлемдік бокс кеңесінің титулын (WBC International екінші жартылай жеңіл салмағы) қорғап қалды.

Кездесу 10 раундқа созылды. Оны Golden Boy Promotions бокс кешінің аясында АҚШ-тың жетекші телеарналарының бірі — ESPN арнасында көрсетілді.

Еске сала кетсек, жеңіліп көрмеген Сойлыбаев кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Варгас болса кәсіпқой бокстағы 33-ші кездесуін өткізіп, төртінші рет жеңіліс тауып отыр. Ал бокс кешінің басты оқиғасы орта салмақта жұдырықтасатын пуэрториколық Габриэль Росадо (23-11, 13 КО) мен америкалық Глен Тапианың (23-4, 15 КО) арасында өтетін жекпе-жек болады.

ДереккөзVesti.kz