Головкин: «Канело» өз құрметінен айрылды

Головкин Мейвезермен «армандаған жекпе-жек» өткізуі үшін салмағын 154 фунтқа дейін тастауға дайын екенін айтты.

«Мен қатты ірі емеспін. Жекпе-жекке бір ай қалғанда салмағым 165 фунт болды. Ал кеше спаррингтен кейін 164 фунт тарттым. Флойдпен жекпе-жек өткізу үшін әрине салмағымды 154 фунтқа дейін түсіруге дайынмын. Егер 160 фунтта өткізгісі келсе, оған да қарсы емеспін. Бұл «армандағы жекпе-жек», деді Геннадий Головкин.

Сондай-ақ ол «Канеломен» жекпе-жек өткізу туралы әңгімелер шаршатқанын жеткізді.

«Мейвезер мен Флойдтың бір-бірінен айырмашылығы өте көп. Флойд ол Флойд,  pound-for-pound-тағы (салмақ дәрежесіне қарамастан) ең үздік боксшы. Ал «Канело» ешкім емес. Мен өткен жылдан бері осы жекпе-жектің өткендігін айтып келемін, ол маған қажет. Білесіздер ме, мен осы артық әңгімелерден шаршадым. Ол өзіне деген құрметтен айрылды, өзін эгоист тәрізді ұстайды», — деді қазақстандық боксшы.

«Канело» соңғы сұхбаттарының бірінде Головкинмен кез келген уақытта жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты. Олар қазақстандық боксшыға қыркүйек айында кездесу өткізу туралы ұсыныс жасаған. Енді жекпе-жектің тағдыры Головкиннің шешіміне байланысты болмақ.

Айта кетейік, 18 наурыз күні Нью-Йоркте Геннадий Головкин американ Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек өткізеді.

ДереккөзVesti.kz