Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Сейітқазы Матаевқа тағылған айып расталса, ол алты жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін екенін мәлімдеді. Өйткені, ол жасады деп отырған қылмыстар ауыр қылмыстар санатына жатады. Журналистер қауымы болса, Сейітқазы Матаевтың жазықсыз екеніне сенім білдіре отырып, оны растайтын құжаттар бар екенін алға тартады. «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорында Қазақстанда ел журналистикасы көшбасшысының беделін түсіруге бағытталған науқан басталды деген болжам айтылды.
Сейітқазы Матаев кезінде Нұрсұлтан Назарбаевпен иық тіресе қызмет атқарған – 1991-1993 жылдар аралығында ол мемлекет басшысының жеке баспасөз хатшысы болды. Тәуелсіздік жылдарында осы бір маңызды да жауапты мемлекеттік қызметті атқаруға 13 адам ғана лайық болған. Олардың әрқайсысы қызметінде үш жылдан артық отырмағаны да бар. «Открытая Азия онлайн» қай жылы кім президенттің баспасөз хатшысы болып қызмет еткенін және қазір ол адамдар қандай қызмет атқарып жүргенін еске түсірді.
Курсорды суреттің үстіне апарсаңыз, сол адамның өмірбаянын оқи аласыз.