Түркіменстан президенті екінші рет «Ел қаһарманы» атанды

Бұл атақпен бірге түркіменбасшыға 100 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі.

Бұдан былай Гурбангулының жалақысы жүз пайызға өсіп, Түркіменстан төңірегінде барлық көлікпен тегін жүру құқығына ие болмақ.

Аталмыш сыйлықты Бердімұхамедов 2011 жылы да алған болатын. Бұл жолы тағы беруге себепкер Түркіменстан елінің қалауы мен сұрауы деп отыр ел парламентінің мүшелері.

ДереккөзLife.ru