Көкшетауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Бұл туралы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жоғары оқу орнына жиналған қонақтар, алдымен, университет мұражайын, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жетістіктері» атты көрмені тамашалап, еуразиятанушы Ш.Уәлихановтың ескерткіш-кесенесіне гүл шоқтарын қойды.

Конференцияға университеттің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайратке Әбдімүтәліп Әбжаппаров, университеттің оқытушылары мен студенттері, журналисттер қатысқан.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде тақырыпқа қатысты баяндаманы саясаттану ғылымдарының докторлары, Ресей Федерациясының Мәскеу, Санкт-Петербург мемлекеттік университеттерінің профессо Александр Ширинянц, Александр Курочкин, Владимир Гуторов, Валерий Ачкасов, Константин Федорович, Алексей Николаевич, Синьцзян мемлекеттік университетінің докторанты Нұрбақыт Кенжехан, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тарих, құқық, өнер және спорт факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Ақбота Бексейітова оқыған.

Баяндама барысында көптеген тақырыптар қозғалып, ұтымды ойлар айтылды. Атап айтқанда, Ақбота Бексейітова «Еуразиялық дала өткениеті: теориялық-методологиялық және тарихнамалық шолу» тақырыбын қозғаса, А.Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Алексей Кадочников «Еуразиялық кеңістіктегі экологиялық саясат азаматтар мен қоғам мүдделерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады» тақырыбында болашақ ұрпақ үшін, болашақ оқушы, студенттер үшін экологияны сақтап қалудың мүмкін жолдарын қарастыру керектігін сөз қылды. Сондай-ақ, Қытайдың Синьцзян университетінен келген докторант Нұрбақыт Кенжеханның баяндамасы репатриант, яғни оралман қазақтардың шет елде бейімделу, интеграциялану үрдісіндегі туындайтын қиындықтары жайлы болды. Әр баяндамашы сөзінің соңында конференцияны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.