Әсет Исекешев Астанадағы көмір тапшылығын қалай шешпек?

Елорда әкімі аталған мәселенің неден туындағанын Үкімет басшысына түсіндіріп берді.

«Көмір мәселесі біздің бақылауымызда. Бізде көмір бар. Бірақ Шұбаркөл көміріне сұраныс артып отыр. Қалада 10 күннің ішінде қазан айының нормасы сатылды. Қазіргі таңда Шұбаркөл көмірінің көлемін көбейту бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Ертең қалаға 5 мың тонна Шұбаркөл көмірі келеді. Сондықтан аталған мәселе күн тәртібінен алынады», — деді Әсет Исекешев.

Өз кезегінде Үкімет басшысы жылыту маусымына министрліктер мен өңірдегі басшылар жауапты екенін алға тартты.

«Өткенде әкімдіктер мен министрліктер есеп берген кезде барлығы «жылыту маусымына дайындық 100 пайыз» деп айтқан. Бірақ бүгін көмір жетпей жатыр. Бұл жылу маусымына жауапты басшылардың жауапкершілігін немесе жауапсыздығын көрсетеді», — деді Бақытжан Сағынтаев.