Әсет Исекешев Гуандун провинциясынан келген делегациямен кездесті

Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінде Гуандун провинциясы (Қытай Халық Республикасы) аптасының ашылуы өтті. Шара барысында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев шетелдік делегациямен кездесті.

Тараптар кездесу барысында екі қала арасындағы әріптестік мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстан астанасының инфрақұрылымы Гуанчжоу қаласынан келген меймандардың таңданыстарын тудырған.

«Қазақстанның астанысында болғанымызға қуаныштымыз. Делегация және мен үшін бұл — Астанаға жасаған алғашқы сапарымыз. Біз қаланың инфрақұрылымына қызықтық. Салынған архитектуралардың стилі әртүрлі және Астанада жолдар кең екен. Біз қаланы жоспарлауда сіздердің тәжірибелеріңізді қолданғымыз келеді. Сол себепті сіздердің қалаларыңызбен әріптестік орнатуды қалаймыз, — деді Гуанчжоу қаласының саяси консультативті кеңесінің төрағасы Лю Юелунь.

Сонымен қатар қаламен танысу кезінде шетелдік қонақтарды Астанадағы өзінің көркемдігімен, тазалығымен Есіл өзені қызықтырды.

Астана мен Гуанчжоу қалалаларына тәжірибе алмасып, әріптестік орнату үшін перспективалық бағыт — туризм саласы болып табылады. Қазақстан елордасының Гуанчжоумен достық байланыс орнатуы сауда-экономикалық, мәдени және білім салаларында үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Қытай Халық Республикасынан келген делегация кездесу соңында Астанамен ынтымақтастық орнатуға ниетті екендіктерін білдірді.

Еске сала кетейік, ертең, 18 тамыз күні елордада инвестиция бағытында тәжірибе алмасу бойынша Қазақстан-Қытай жиналысы өтеді. Гуандун провинциясынан келген делегация да шараға қатысып, белсенді атсалыспақ.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз