Ақмола облысы жылыту маусымына дайын ба?

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы В. Радченконың ақпаратына сәйкес жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүріп жатыр. Нысандардың 90% дайын және жөндеуге бөлінген қаржы түгел жұмсалады.

Осы жылдың 31 тамызына дейін 629 қазандық, 762 білім беру мекемесі, 597 денсаулық сақтау, екі мыңнан астам үй, сондай-ақ 50 км жылу желілері мен 40 км су шығару, су құбыры желілеріне жөндеу жүргізілді.

Бұдан басқа, В.Радченко білім беретін 115 мекемеден қазандықтарын шығарып тастау керек.

«Оларды шығару үшін 2020 жылға дейін кезең-кезеңімен жоспар құрылды. Облыстық бюджеттен 55,1 млн теңге Аршалы ауданы Анар ауылындағы мектептер мен балабақшалардың, Зеренді ауданы Доңғылағаш негізгі мектебінің қазақндықтарының құрылысына бөлінді», — деді ол.

Кейін Степногор қаласы, Бурабай және Целиноград аудандары әкімдерінің, білім басқармасы басшысының м.а. есептері тыңдалды. Отырыс соңында М.Мырзалин аудан және қала әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.

Сондай әкімдік отырысында Ақмола облысының сәулет-құрылыс бақылауын күшейту шаралары қарастырылды. Мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау басқармасының басшысы Н.Мұқановтың айтуынша, бүгінде 97 тексеру мен 140 басқа да түрлі қадағалау жүргізілген.

Басқарма үлескерлердің мәселелерін түбегейлі шешу үшін жақсы жұмыс істеп жатыр.

«Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес үлескерлік құрылыс саласына ведомствоаралық комиссия құрылды. Облыс әкімінің орынбасары В.Крылов төрағасы болып тағайындалдыү Бұдан басқа оның құрамында мемлекеттік және құқыққорғау органдарының өкілдері бар. Комиссия облыстағы үлескерлік құрылысындағы жағдайға шұғыл әрекет ету және әлеуметтік қысымды төмендету мақсатында құрылды», — деп қосты ол.

Облыс әкімін Мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау басқармасына нысандардың құрылыс сапасына бақылауды күшейтіп, заңсыз құрылысқа үнемі мониторинг жасап отыруды тапсырды.