10 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысы Жалаңашкөл аумағында 18-23 м\с жел күшейеді.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында желдің жылдамдығы 18 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында желдің жылдамдығы – 15-20, екпіні 23 м/с, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с болып, Қызылорда, облысында шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.