Coffeetime

Әуезов көшесі, 106. Жандосов көшесінің қиылысында.

«Атакент» көрме орталығынан Әуезов көшесі бойымен төмен түсетін болсаңыз, шағын кофеханаға тап боласыз. Бұл — «Coffeetime» деп аталатын, негізі 2011 жылы қаланған қазақстандық брендтің бірі. Мұндағы дәм танымал кофеханалардың ешқайсысынан кем емес. Атмосфера бизнес кездесу өткізуге өте ыңғайлы және бағалары қолжетімді.

Traveler’s coffee

Traveler’s coffee — 1997 жылы Ресейдің Новосібір қаласында негізі қаланған кофеханалар желісі. Оның нүктелері бүгінгі таңда әлемнің 7 мемлекетінде бар. Алматы қаласының өзінде 3 кофехана жұмыс істейді: Әл-Фараби көшесінен жоғары Фурманов 244 а, Панфилов көшесімен қиылысатын Құрманғазы 43 және Шевченко көшесімен қиылысатын Желтоқсан 137.

Кофехана сізді дәмді десертпен және хош иісті кофесімен қуанта алады. Тыныш, әрі ыңғайлы атмосфера. Баға ортадан жоғары, алайда нағыз іскер адамдар бас қосатын орын.

United coffee

Құрманғазы көшесі 64. Желтоқсан көшесі қиылысы.

Таңғы және түскі ас ішуге өте ыңғайлы кофехана. Жылы жамылғыңызды орап, хош иісті ыстық кофеден ләззат алсаңыз болады. Заман талабына сай жабдықталған бұл кофехананың негізі 2014 жылы қаланған.

Сова 

Абылай хан 113. Қабанбай батыр көшесі қиылысы.

«Сованы» ең дәмді десерттер дайындайтын кофехана деп атасақ болады. Бұлай деуімізге себеп: барлық қоспалар табиғи, қолдан дайындалады. 2015 жылы Алматы қаласында негізі қаланған. Жаңадан ашылған болса да, бәсекеге қабілетті бұл кофехана қолжетімді бағасымен және жоғарғы сұрыпты дәндерден дайындалған кофесімен өзіне тартады.

Көшпелі кофеханалар

Бойды сергітіп, хош иістен өзіндік бір рахат алу үшін, кофені тек арнайы орында ішу қажет емес. Мұндай жағдайда сізге жылдам даярланатын дәмін ұсынатын көшпелі кофеханалар аз емес. Оларды жаңа Арбаттан және Панфилов көшесінен өтетін болсаңыз, көптеп табасыз. Бойыңызды жылытуды ұмытпаңыз.

Кофе ішу мәдениеті он екінші ғасырда араб мемлекеттерінде қалыптасқан. Кофенің отаны Эфиопия, ал ең үздік сұрып, Мокко, Йемендегі Мохо портының құрметіне аталған. Ал қазіргі таңда кофеханаларда бас қосу сәнге айналып отыр. Отбасылық таңғы ас, жастардың кездесетін жері және бизнес кездесулер өткізетін орын. Cондай-ақ  әлемде Sturbucks, Costa coffee, Angel in us сынды танымал брендтер пайда болуда. Бүгін біз сізге алматылық кофеханалардың бірқатарын ұсындық.