Қазақстанның атын шығарып жүрген талантты балалар

Қазақ даласы тума таланттарға бай. Болар баланы жастайынан танып, қабілетін шыңдай білген халқымызды қазірде бүкіл әлемге танытып жүрген дарынды балалар қаншама. Олар туралы көпшілік біле бермейді. Назарларыңызға жас дарындар туралы жинақты ұсынамыз.

Рахат-Би Әбдісағын

Рахат-Би Абдысагин

Рахат-Биді «қазақстандық Моцарт» деп атайды. Ол 18 жасында әлемге ең үздік композитор, пианист ретінде танымал. Оның композицияларын Еуропа, Азия мен Американың симфониялық оркестрлері үлкен сахналарда да орындап жүр. Туындыларының премьерасы Лондон, Париж, Берлин, Вена, Прага, Анкара, Сеул секілді қалаларда өткен. Рахат-Би — ең жас «Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ТМД Парламентаралық ассамблеясының «Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Исаак Мустопуло

Исаак Мустопуло мен Стивен Хокинг
Исаак Мустопуло мен Стивен Хокинг ©British Council Kazakhstan

Исаак — Тараз қаласындағы қарапайым мектептің 9-сынып оқушысы. Ол өзінің диагнозына қарамастан, ғарыш туралы зерттеу жүргізуден шаршаған емес. Жақында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналаған STEM ұлттық инновация конкурсының лауреаты атанған. Оны Британ Кеңесі мен National Agency for Technological Development ұйымдастырды.

Исаак аталған конкурсқа өзінің “Үндестік теориясы” атты видеоролигін жіберген болатын. Онда оқушы ғарыш кемелеріне арналған электроэнергияны өндіру жолдарын айтып береді. Осыдан кейін әйгілі астрофизик профессор Стивен Хокингпен кездесті.

Абзал Мырзаш

Абзал Мырзаш

Абзал 12 жасында 11 жылдық мектепті үздік бітірген. Бар-жоғы жеті жылда мектеп бағдарламасын еркін меңгерген ол ерекше қарым-қабілетінің арқасында талай халықаралық олимпиадаларда топ жарған. Қазіргі уақытта Қазақ-Британ техникалық университетінде білім алып жатыр.

Азамат Нукаев

Азамат Нукаев

7 жасар Азамат менталды арифметикадан өткен онлайн-олимпиадаларда бірінші орын алған. Ол әлемнің әр елінен қатысып жатқан 5 мың студенттердің алдын орап, 69 мың тапсырманы дұрыс шешті.

Темірлан Амангельдин

Темірлан Амангельдин

Темірлан 17 жаста. Ол — Халықаралық математика олимпиадасының қола жүлдегері. Қазақ баласының дарынын байқаған оңтүстіккореялық беделді оқу орыны оны тегін оқуға шақырды, ең жоғары шәкіртақы тағайындады. Темірлан қазір Оңтүстік Кореядағы Ульсан қаласында робототехника саласын оқып жатыр.

Данияр Кұрманбаев

Данияр Кұрманбаев

Данияр көп таңбалы сандарға математикалық амалдарды қолданып, тез шеше алатын қабілетімен «Пусть говорят» ток-шоуына шыққан еді. Онда бағдарламаның жүргізушісі Андрей Малаховтан бастап қазақ баласының талантына таң қалған болатын.

Әзиз Камелиден

Азиз Камелиден

Менталды арифметика олимпиадаларында топ жарып жүрген тағы бір жеткіншектің есімі — Әзиз. Ол 11 жаста. Лас-Вегаста өтетін менталды арифметикадан әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғамақ.

Алдияр Божбанов

Алдияр Божбанов

Экологиялық ауыл, күн-жел электростанциясы, әмбебап қуаттағыш — барлығы 6-сынып оқушысының жобалары. Ол «жасыл» экономика саласында ізденіп жүр. Осы жасында органикалық қалдықтарды биогазға айналдырып, одан жылу мен электр энергиясын алу жолдарын анықтаған.

Дінмұхамед Майлыбай

Дінмұхамед Майлыбай

Алматылық 16 жасар оқушы NASA-ның астрономиялық мектебінде оқу мүмкіндігіне ие болған. Онда 23 елден 55 оқушы қабылданған. Оқушылар Марсты бағындыруға арналған жобаға қатысады.

ДереккөзZtb.kz