Қазақстан аумағында екі жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің эпицентрі – Алматыдан солтүстікке қарай 224 шақырым жерде, 4 қазан сағат 00:51-де тіркелген.

Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты 9.8, магнитудасы MPV 4.6, тереңдігі – 15 км.

Жер сілкінісінің сезілгені туралы мәлімет жоқ.

СТӘЭ ақпаратынша, жер асты дүмпулері дәл сол координатта бұдан бірнеше сағат бұрын да байқалған. Жер сілкінісі 3 қазан күні алматы уақытымен 10:51-де тіркеліпті.

Эпицентрі – Алматыдан солтүстікке қарай 222 шақырым қашықтықта. Энергетикалық санаты 8.3, магнитудасы MPV 4.1, тереңдігі 0 км.