Астанада «Astana Media Week» форумы басталды

Шарада БАҚ саласындағы өзекті мәселелер мен ақпараттық теxнологиялардың даму болашағы талқыланады. Журналистер мен коммуникациялар саласының мамандарына арналған шеберлік сыныптары өтеді.

Үшкүндік шарада аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының форумы да ұйымдастырылады.

Бүгін «Astana Media Week» форумында Astana Digital Forum-да цифрлық маркетинг, коммуникациялар саласындағы тың жобалар, мессенджерлер мен чат-боттар, Telegram арқылы табыс табу көздері, Қазақстандағы криптовалюталар нарығының дамуы, электронды БАҚ, әлеуметтік желілер мен блогерлер, интернетте бизнес ашу жолдары және тағы басқа өзекті мәселелер талқыға салынады.