Алматыдағы форумда робот баяндама жасайды

Шараның басты тақырыбы Индустрия 4.0 тұжырымдамасы, цифрлық экономика, инновациялық экожүйе құру және “Алматы – өмір мен бизнеске қолайлы қала” стратегиясы аясында Smart City технологиясын енгізу.

Форумда әлемдік сарапшылардың қатысуымен барынша өзекті мәселелердің шешімі үшін инновациялық технологияларды қолдану жайы сөз болады.

Сонымен қатар, шарада үздік инновациялық идеялар мен отандық және шетелдік стартап жобалардың көрмесі өтеді.

Форумның ең басты ерекшелігі роботтың “сөз сөйлеуі”. Оның қандай тақырыпта баяндама жасайтынын ұйымдастырушылар әзірге құпия ұстап отыр.

Форумға тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз: www.innovationforum.kz

ДереккөзNaryk.kz