Сауд Арабиясының компаниялары Алматыдағы бизнеске инвестиция салуға ниет білдірді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықаралық ынтымақтастық аясында «Al Muhaidib Group» холдингінің президенті Сулейман Әл-Мухайдиб бастаған Сауд Арабиясының бизнес- делегациясын қабылдады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шетелдік бизнес қауымдастық өкілдері Алматыда тамақ өнеркәсібін, логистика, құрылыс және энергетика саласын дамытуға өз үлестерін қосуға ынталы екендіктерін білдірді.

Бүгіні күні қалада біріккен 6 және  Сауд Арабиясы капиталымен жұмыс істейтін 19 кәсіпорын тіркелген.

«Алматыда инвесторлар үшін барлық жағдай жасалғаны қуантады. Алматы — Ұлы Жібек жолының «жұмағы», ірі мүмкіндіктерге жол ашатын қақпа», — деді Сулейман Әл-Мухайдиб.

Холдинг президенті Алматының үлкен әлеуетін, ортаазиялық өңірдегі ірі қаржы орталығы, мәдени және инновациялық хаб пен Универсиада-2017-нің астанасы екендігін де айтты.

Қала басшысы Алматыда инновация мен жаңа технологияның тұрақты дамып келе жатқандығын жеткізді. Бауыржан Байбек қонақтардың назарын түрлі жобаларға қатысуға аударды.

«Қалада «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы мен индустриалды аймақ бар, біз бұлардағы инфрақұрылымдар құрылыстарын аяқтап қалдық. Сіздерді сол жерлерде өз өндірістеріңізді ашуға шақырамыз. Бұдан өзге қалада «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» жұмыс істейді. Біз өзара ынтымақтастықты дамытатынымызға сенімдімін», — деді әкім.

Кездесу соңында қала басшысы делегацияны Алматының 1000 жылдығын мерекелеуге шақырды.

ДереккөзҚазАқпарат
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Наурыз тойлау шариғатқа қайшы ма? — ғалымдар пікірі

Наурыз мейрамы мұсылмандыққа қайшы деген пікір бар. Наурыз тойлау халал ма? Бұл туралы ҚМДБ маманы Хасан Аманқұл мен тарихшы, дінтанушы Ернар Атаулан тарқатып айтты.

Елден жанармайды 20 литрлік канистрмен шығаруға тыйым салынды

2023 жылғы 20 қаңтарда Энергетика министрлігінің «Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы шыққан. Бұйрықта жанармайды елден 20 литрлік канистрмен шығаруға қатысты норма алынып тасталды.

Қалың тұман: Астанадан шығатын республикалық трасса жабылды

Астанадағы қалың тұманға байланысты республикалық маңызы бар автожолда қозғалысқа тыйым салынды. 

Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны әлемдік рейтингіге енді

Еліміздегі сегіз жоғарғы оқу орыны әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр.