Ерейментауда тарихи-танымдық экспедиция ұйымдастырылды

Ереймен елі ертеден тұнып тұрған тарих екені белгілі. Өңірден елі мен жері үшін аянбай тер төккен талай тарландар шықты. Аудан аумағындағы «Құмай» орны Батыс Түрік қағанаты тарихынан сыр шертеді.

Сол себепті де тағылымы мол конференцияның Ерейментау ауданында өткізілуі заңды. Жиында сөз алғандар осы аймақтың тарихы туралы көптеген мәліметтер келтірді.

Конференцияға ғалымдар ғана емес, аудан тұрғындары да қатысты. Сөз алған тарихшылар ақсақалдардың зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуын сұрады. Себебі олар естіген тарихи әңгімелер өте маңызды.

Ереймен елінен шыққан ерлердің есімі тарихты қалды дедік жоғарыда. Алайда, зерттелмеген тұстары да жоқ емес. Елбасының «Рухани жаңғыру» баағдарламасы арқылы бұл жұмыстар жаңа серпін алмақ.

Конференция аясында жазда ауданда ұйымдастырылған тарихи-танымдық экспедицияның қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ, «Қанжығалы» шежіре кітабының және «Бөгенбай батыр» әндерінің тұсаукесері болды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да