Ақмола облысында әскери-әдістемелік басқосу өтті

Шараға барлығы 60-тан астам әскери қызметкер қатысты. Олар енді үш күн бойы тәрбие жұмыстарына қатысты өзара тәжірибе алмасатын болады.

Жиында Ұлттық Ұланның Бас қолбасшылығынан келген мамандар әскери қызметкерлерді тәрбиелеудің озық әдістемелерімен таныстырды. Бұдан бөлек, Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, оған әскери қызметкерлердің қосқан үлесі, рөлі мен мәртебесі сөз болды. Әскери салада, ең бастысы, сарбаздардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру аса маңызды. Себебі, олар – еліміздің тыныштығын күзететін, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жауынгерлер.

Үш күнге созылатын оқу-әдістемелік жиында қоғамның рухани жаңғыруы, Қазақстанның ұлттық коды, ұлттық мәдениетін сақтау және еліміздің бүгіні мен болашағы тақырыбындағы дөңгелек үстелдер өткізіледі. Оған Ұлттық Ұланның өңірлік қолбасшылығының басшылары, ардагерлер мен әскери-патриоттық ұйымдар қатыспақ.