Көкшетауда «Толағай» отбасылық сайысы өтті

Татулықты ту еткен «Толағай» отбасылық сайысында 11 жанұя бақ сынады. Әрқайсысының орны бөлек, өнерлері басым.

Жас ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, олардың отбасындағы түрлі мәселелерді шешуға бағытталған шаралар жасалып жатқандығы белгілі. Бұл сайыстың да жас отбасылар үшін тәрбиелік мәні зор екендігін айтуға болады.

Кім мықтының ішінен кіл мықтыны сарапқа салған отбасылық сайыстың  нәтижесі бойынша Баймұқановтар әулеті бірінші жүлделі орынды еншіледі. Он бір отбасының әрқайсысы бұл жеңіске лайықты екеніне дау жоқ. Бақ сынасқан әр отбасы бақытты болуға әбден лайықты.