Ақмолалық мектеп оқушылары халықаралық байқауда  ақшалай сыйлыққа ие болды

Түркістан қаласында өткен байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар хикметтерді еш мүдірмей жатқа айтты.

Екінші кезеңде Қазақ хандығының тарихына, Қожа Ахмет Ясауи бабамызға, «Әзірет Сұлтан» музейіне қарасты тарихи ескерткіштер мен жәдігерлерге қатысты сұрақтарға жауап берді.

«Ясауитану» байқауының екі кезең қорытындысы бойынша жерлесіміз Целиноград ауданындағы Қоянды орта мектебінің 10-сынып оқушысы Оқа Жанат 1-ші орыннан көрініп, 100 мың теңгені иеленді.

Бурабай ауданы Атамекен ауылының 10-сынып оқушысы Дәулетхан Ділнәр 3-ші орын үшін 50 мың теңгенің сертификатына қол жеткізді.

Көкшетау қаласы №3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернатының 11-сынып оқушысы Рыспекова Айжанға ынталандыру сыйлығы ретінде 20 мың теңгенің сертификаты тапсырылды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да