Жапония кіші парламентті не үшін таратпақ?

Парламент депутаттары 28 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатады. Ал сайлау 22 қазанда өтпек.

Сарапшылардың айтуынша, премьер-министр осы шешімі арқылыабыройын көтеріп, өзіне ұпай жинамақшы. Себебі, биыл шілде айында оның халық алдындағы беделі 30%-ға дейін төмендеп кеткен. Ал қазір оны халықтың жартысы ғана қолдайды. Елдегі оппозициялық топтар арасында да алауыздық күшейіп келеді.

Синдзо Абэ егер осы жолы билікте қалса, әлеуметтік салаға дем беріп, Солтүстік Кореяға қарсы қатаң саясатты жалғастыруға уәде етті.

«Қарттарымыз көбейіп, халық санының өсімі дағдарысқа ұшырап жатыр. Оның үстіне Солтүстік Кореямен арамыз да күн сайын ушығып барады. Осындай қиын-қыстау сәтте алдыңғы шепте жүрып, елімді алға жетелесем деймін. Сайлау өткізу арқылы біз Солтүстік Кореяға қарсы қадамдарымызға қоғамның қалай қарайтынын нақты білеміз. Қазіргі жағдайды мерзімінен бұрын сайлау өткізуден басқа ұтымды жол көріп тұрған жоқпын»,- дейді Жапонияның Премьер-Министрі.

Дереккөз24.kz