Не болды?
Венесуелада жер сілкінісінен 32 адам қаза болып, 700 адам жараланды. АҚШ-тың геология қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 7,2 және 7,5 деп мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Reuters басылымының мәліметіне қарағанда, Венесуеланың Каракас қаласынан батысқа қарай шамамен 160 шақырым жерде екі рет жер сілкінді. Магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын жер сілкінісінен 32 адам қаза болып, 700 адам ауруханаға түсті. Бұл туралы елдің уақытша президенті Делси Родригес хабарлады. АҚШ-тың геология қызметінің болжамы бойынша, қайтыс болғандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.
Жер сілкінісінен кейін 20-ға жуық қайта дүмпу тіркелді. Табиғи апат салдарынан Каракас қаласындағы және қалаға жақын аймақтағы ғимараттар қирап қалды. Қазір елде төтенше жағдай жарияланды.
Контекст
Естеріңізге салайық, сәуірде Каспий теңізінде магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.
