Не болды?
Астана – Семей – Достық бағытындағы №121, 122 пойызға Starlink интернеті қосылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, Астана – Семей – Достық бағытындағы пойызға Starlink технологиясы арқылы спутник интернеті қосылды. Енді жолаушылар заманауи сервисті пайдаланып, спутник интернеті арқылы шалғай аймақта да байланыста бола алады.
Starlink интернетіне қалай қосылуға болады?
Жолаушыларға арналған интернеттің екі нұсқасы:
- WhatsApp пен Telegram-да мәтін хабар алмасу үшін тегін тариф;
- Интернет ресурстар, әлеуметтік желі, бейне мен мобайл қолданбаларға арналған ақылы тариф.
Интернетке қосылу үшін пойыздағы Wi-Fi желісін таңдап, авторизациядан өту қажет. Kaspi.kz, Halyk, Apple Pay, Google Pay, Visa және MasterCard банк карталары арқылы төлем жасауға болады.
Контекст
Естеріңізге салайық, жазда Қазақстандағы туристік бағыттарға қосымша 15 пойыз іске қосылады, оның 10-ы Алакөлге қатынайды.
