Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Найзағай, жауын-шашын, аптап ыстық: елімізде ауа райы құбылмалы болады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

25 маусымда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай , күндіз бұршақ, дауыл, облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

25 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 25 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 25 маусымда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақалаға реакция