Моңғолияның Премьер-министрі отставкаға кетті

Үкімет басшысының кетуін 73 депутаттың 57,5% пайызы қолдап, 42 депутат даус берді, деп хабарлайды МОНЦАМЭ.

Парламенттің қаулысына сәйкес, премьер-министр Ж.Эрдэнэбат пен ол басқарған үкімет толық құрамда отставкаға кетті. 7 қыркүйек күні Ұлы Хурал қабылдаған қаулы қазір күшінде.

Моңғолияда Конституцияға сәйкес, премьер-министр отставкасына орай министрлер кабинеті де толық отставкаға кетуі қажет, «Үкімет туралы» заңға сәйкес келесі үкімет басшысын парламент 30 күннің ішінде тағайындайды. Ж.Эрдэнэбат жаңа премьер-министр тағайындалғанша өз міндетін уақытша атқарады.

ДереккөзInform.kz